Балабақшаға Бергей келе жатыр. Бағана шамдары жанды...
Бір айдан бері Мақат ауданның атқамінерлері ұйқы көрмей ұйпа-тұйпа болып жүр. Әне-міне келедімен, өкпелері өшерге айналған шақта әйтеуір, бүгін облыс басшысы Бергей Сәулебайұлы туған жерінің топырағына табан тіреді.
Аудан басшылығы қоғамдық қызметкерлердің қолына сыпыртқы мен күрек ұстатып, пайдалануға берілгелі тұрған балабақшаның айналасын жылан жалағандай етіп тазалатып қойды.
Бүгінде Доссормұнайгаз басқармасының құрамына кіретін бұрынғы Мақатмұнайгаз басқармасының екі жыл иесіз қалған ғимаратын балабақшаға айналдыру жөніндегі аудан басшылығының өтінішін «Қазмұнайгаз» ҰК қанағаттандырған болатын.
Бұдан екі ай бұрын атағы жержарған Аджип ҚКО компаниясын демеушілікке тарта отырып, сол ғимаратты қайта жоспарлау мен балабақшаға негіздеудің құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Оны «Данар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарды.
6 топта 140 баланы қамту көзделіп отырғанмен, білетіндер балабақша бөлмелерінің оған тарлық ететінін айтады.
Айтқанда дардай боп көрінгенмен, ауданда әлі 2500-ге жетіп жығылатын баланың балабақшамен қамтылмай отырғанын есептесек, бұл-«теңізге тамған тамшыдай» ғана біткен іс.
Дегенмен, 51,5 штат бірлігі бекітіліп, осыншама адамның жұмыспен қамтылатынына қуанасың.

P.S: Дөкей келетін болса, дөңгеленіп ала жөнелетін әдеттен әлі арыла қоймаппыз. Соның арқасында, есесіне біраз шаруа тына қалғанын көргенде «рахаттанасың». О,құдірет десеңші. Бір жыл бойы жанбай тұрған бағана шамдары, облыс басшысының балалық шағы өткен Мақат кентіндегі ескі ауыл бойындағы көше шамдары бір күнде жарқ етті.
Б.АРАЛ,
Мақат ауданы,
Атырау облысы.