Қазақтың дәстүрлі «Ою-өрнегі» ресми түрде ИСЕСКО-ның Ислам әлемі мұралары тізіміне енді.
Тиісті шешім 11 ақпанда өткен ИСЕСКО Ислам әлемі мұралары комитетінің 13-сессиясында қабылданды.

Сурет: facebook.com/karin.erlan парақшасынан алынды.
Ою-өрнек – мәдени бірегейлігіміз бен тарихи сабақтастығымызды нығайтуға ықпал ететін негізгі этномәдени код.

Сурет: facebook.com/karin.erlan парақшасынан алынды.
Ою-өрнектің ИСЕСКО-ның беделді тізіміне енуі – Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетудегі маңызды қадам.
Бұған дейін, яғни 2023 жылы ИСЕСКО тізіміне түркі өркениетінің басты нышандарының біріне айналған дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойыны қосылған болатын.

Сурет: facebook.com/karin.erlan парақшасынан алынды.
Президенттің Ұлттық құрылтай отырыстарында берген тапсырмаларына сәйкес, Қазақстанның мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО және ИСЕСКО тізімдеріне енгізу жұмысы жалғасатын болады.

Сурет: facebook.com/karin.erlan парақшасынан алынды.
Abai.kz