Сенбі, 21 Ақпан 2026
Жаңалықтар 143 0 пікір 20 Ақпан, 2026 сағат 23:09

«Барыс» хоккей клубының матчы кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Астанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері хоккей клубын қолдау және елдегі Конституциялық реформаларды қолдау мақсатында қоғамдық акцияға қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Іс-шара аясында трибуналарда бірлік, патриотизм және ұлттық спортты қолдау үшін көлемі 12×24 метр болатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы жайылды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Сонымен қатар қатысушылар конституциялық реформаларды қолдауға арналған арнайы тақырыптағы перформанс ұйымдастырды. Азаматтық ынтымақтастық пен жаңару бағытында адалдықтың белгісі ретінде «Жаңа Конституция үшін» деген жазуы бар ту ашылды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Акция қоғамдық диалогтың маңызын, стратегиялық өзгерістер төңірегінде азаматтардың топтасуын, сондай-ақ жауапкершілік пен бірлік сияқты құндылықтарды дамытудың өзектілігін көрсетті.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Іс-шара барысында жанкүйерлер, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары бір арнаға тоғысып, өзара қолдау мен ынтымақты, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге деген айрықша құрметті айқын көрсетті.

Abai.kz

0 пікір