Жала жабу мен ар-ожданға нұқсан келтіргендігі туралы шағымдар азаматтық соттарда қаралуы тиіс – Қазақстандағы Internews басшысы
Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ– Орта Азияның журналистерінің өтіп жатқан дөңгелек үстелінің тақырыбы – азаматтық қоғамның жала жабу мен ар-ожданға нұқсан келтіру туралы мәселені криминалсыздандыруға қатысты біртұтас ұстанымға келу. Оның ұйымдастырушысы Қазақстандағы Internews Network.
«Көптеген елдер жала жала жабу мен ар-ожданға нұқсан келтіруге қатысты мәселеде қылмыстық қудалаудан бас тартып отыр», - дейді Internews Network өкілдігінің басшысы Олег Кациев.
ТМД аумағында бұл үдеріс айтарлықтай қарқынмен жүруде. Грузия, Украина, Молдова жала жала жабу мен ар-ожданға нұқсан келтіруді криминалсыздандырды. Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанда бұл мәселені қоғам талай рет көтергенімен, әзірге нәтиже жоқ.
«Жалпы айтқанда, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың ұстанымы – жала жабу мен ар-ожданға нұқсан келтіргені үшін қылмыстық қудаламау керек, себебі оның қоғамға келтірер зияны қылмыстық жауапкершілікке тартатындай емес. Ар-ожданын қорғаған адам оны қылмыстық жауапкершілікке тартпай, азаматтық істер бойынша шағыммен қуадалуы тиіс», - деп қорытындылады О. Кациев.