Сенбі, 28 Ақпан 2026
Жаңалықтар 217 0 пікір 27 Ақпан, 2026 сағат 18:08

Қарағандыда референдумның маңызы талқыланды

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінен алынды.

27 ақпан 2026 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті базасында «Референдум – әділетті және прогрессивті Қазақстанның негізі» атты конференция өтті. Іс-шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрам, кураторлар мен студенттер қатысты.

Кездесу барысында референдумның қоғам өміріндегі рөлі, Конституцияға енгізілген өзгерістердің мазмұны және олардың ел дамуына ықпалы кеңінен талқыланды. Конференция ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, өзекті сұрақтарға жауап алды.

(Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінен алынды)

Басқарма мүшесі, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Жетпісбаев Нұржан Арғынұлы референдумның саяси жүйені жаңғыртудағы маңызын атап өтіп, конституциялық реформалардың әділетті қоғам қалыптастырудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуының маңыздылығы ерекше айтылды.

(Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінен алынды)

Шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Василий Иванович Олейник, референдум бойынша қалалық коалиция мүшесі Бектас Бақытұлы Жұман, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің маманы Ақерке Нұрлыбекқызы, Студенттік парламент депутаты Аружан Нұрайдарқызы Илес және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Салават Қамшыбайұлы Кентбек баяндама жасап, өз көзқарастарымен бөлісті.

(Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінен алынды)

Конференция аясында референдумның демократиялық құндылықтарды нығайтудағы орны мен азаматтық қоғамды дамытудағы маңызы атап өтілді. Қатысушылар жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және ел болашағына жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Іс-шара қорытындысында жаңа Конституцияның мәні мен мазмұнын кеңінен түсіндіру жұмыстары жалғасатыны айтылды.

Abai.kz

0 пікір