«Egypt Air» авиакомпаниясы Каирден Алматыға тікелей әуе рейсін ашты
Алматы. 24 қазан. ҚазТАГ - «Egypt Air» авиакомпаниясы Мысыр астанасы Каирден Алматыға тікелей әуе рейсін ашты, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Кайир-Алматы-Каир тікелей әуе қатынасының салтанатты ашылуы сенбі күні Алматы халықаралық әуежайда болды. Онда ҚР көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы Рәділбек Әдимолда, Мысырдың азаматтық авиация басшысы Эмад Салам қатысты. «Бұл оқиға Мысыр қауымдастығында үлкен қызығушылық тудыруы себепті мысырлық делегация құрамында билік, туризм агенттігі мен БАҚ өкілдері келді», - делінген таратылған хабарда.
Баспасөз қызметі ресми деңгейде екі ел арасында тікелей әуе қатынасын орнату туралы алғашқы ұсыныс ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы Мысырға сапары кезінде көтерілгенін еске салады. «Мысыр мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасын аптасына екі рет мысырлық «Egypt Air» әуекомпаниясы атқаратын болады. Аталған авиакомпания Африка құрылығындағы ең белді компания. Оның маршруттық желісі Еуропа, Таяу Шығыс, Қиыр Шығыс, Африка, Австралия, Үндістан мен Солтүстікті қамтиды», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.
Каир-Алматы-Каир рейсін эконом кластағы 160 орны мен бизнес кластағы 24 орны бар Боинг-737 ұшағы атқарады. Алматыдан ұшатын күндері - сейсенбі мен сенбі, Каирдан – дүйсенбі мен жұма күндері ұшады.