Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4213 0 пікір 26 Қазан, 2009 сағат 05:32

Екі оппозициялық партия ЖСДП «Азат» болып бірікті; тең төрағалыққа Тұяқбай мен Абилов сайланды

Алматы. 24 қазан. ҚазТАГ – Екі оппозициялық - Жалпыхалықтық социал-демократиялық (ЖСДП) партия мен демократиялық «Азат» партиясы Алматыда сенбі күні өткен бесінші бірігу съезінде Жалпыұлттық социал-жемократиялық «Азат» партиясына бірікті. 

Екі оппозициялық партияның бірігуі бірауыздан қолдау тапты, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

Партияның V-ші съезі ЖСДП «Азат» партиясында тең төрағалық пен бас хатшылық институтын енгізуді қаулы етті. Сондай-ақ саяси кеңестің құзыреті де кеңейтілді.

Съезде екі тең төраға - Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілов, бас хатшылыққа Әміржан Қосанов сайланды.

«Партиялардың бірігуі – ол бір партияның екіншісін жұтып қоюуы емес, қазіргі заңға сай, тең шартпен бірігу», - деді Ж. Тұяқбай.

Б. Әбілов «бірігу - толғағы піскен, ақылдасып шешілген іс» болғанын атап өтті. «Бірлік - халық сенімінен шығып, билікке бәсекелес боларлық жалғыз жол», - деді ол.

Съезден кейін ЖСДП «Азат» әділет органдарында тіркеуден өтуі тиіс. «Себебі біз партияның атын өзгерттік», - дейді партияның орталық аппаратының жетекшісі Мариям Кабденова.

Сондай-ақ съезде 53 адамнан тұратын саяси кеңес пен оның президиумына 21 адам сайланды. Бірлескен партияның қатарына Тохтар Әубәкіров пен Балташ Тұрсымбаев т.б. қабылданды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321