Астанада Қазақстан халқының ассамблеясының XV сессиясы өтеді
Астана. 26 қазан. ҚазТАГ– Астанада дүйсенбі күні Қазақстан халқының ассамблеясының (ҚХА) XV сессиясы өтеді. Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін сессия жұмысына тәуліктің екінші жартысында президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.
Ассамблея отырысының тақырыбы «Ұлттық бірлік – біздің стартегиялық таңдауымыз» деп аталады.
Сағат 10-да Қазақстан халқының ассамблеясының XV сессиясы аясында мемлекеттік хатшы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ҚХА кеңесінің отырысы болып, одан кейін сессияға қатысушы аймақтық делегация басшыларының ҚР үкімет мүшелерімен кездесуі жоспарланған. Кеңес ҚР СІМ конференц-залында өтеді, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі. Одан соң сессияға қатысушылар «Қазақ елі» монументіне гүл шоқтарын қояды.
Бұрын хабарланғандай, президент Н. Назарбаев ағымдағы жылы 26-шы қыркүйекте ҚХА-ның кезекті отырысын шақыру туралы өкімгі қол қойып, оны ұйымдастыру шараларын үкіметке тапсырған болатын.