«Халық үні» тобы бақылаушыларды оқытуды жалғастыруда
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы алдағы референдумға қатысатын бақылаушыларды оқыту, дайындау курстарын жалғастыруда.
Алматы қаласындағы бас штабта бақылаушыларды кәсіби маман, саясаттанушы, сарапшы, Қазақстандағы бақылаушылар институтын қалыптастырушылардың бірі Досмахамбет Көшім оқытуда.
Дос Көшім көптеген жылдар бойы республикалық тәуелсіз бақылаушылар жүйесін басқарып, сайлау процесін мониторингтеудің отандық мектебін қалыптастырды. Бақылаушыларға арналған арнайы семинар-тренингтер өткізіп келеді.
Алдағы өтетін референдумға «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобының бақылаушыларын дайындауда. Оқыту онлайн/офлайн форматта өтуде. Аймақтағы бақылаушылар семинар-тренингке ZOOM қосымшасы арқылы қатысуда. Оқыту курстары 13-наурызға дейін жалғасады.
Abai.kz