Бейсенбі, 7 Мамыр 2026
Жаңалықтар 1080 0 пікір 10 Наурыз, 2026 сағат 15:24

Астана көшесіне дәрет сындырған шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынды

Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Елордада дәрет сындырған екі шетелдікке 5 жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Шектеу мерзімі – 5 жыл. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті хабарлады. 

Әлеуметтік желіде шетелдік азаматтың Достық көшесі бойындағы мекемелердің бірінің маңында дәрет сындырғаны жайлы видео тарады.

"Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзғандардың кім екенін анықтады. Олар 35 және 49 жастағы шетел азаматтары болып шықты. Олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығып үлгерген. Соған қарамастан кінәлілерге 5 жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды", – деп хабарлады полиция департаменті.

Осы факт бойынша ҚР Ішкі істер министрлігі бұл адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін ҚР Сыртқы істер министрлігін хабардар етті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1921
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1542