Жұма, 28 Тамыз 2026
1028 0 пікір 23 Тамыз, 2026 сағат 20:33

Алматыда сайлау белсенділігі соңғы сағаттарға дейін сақталуда

(Сурет:Әлеуметтік желіден алынды )

Бүгін елімізде өтіп жатқан маңызды сайлау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Дауыс берудің аяқталуына санаулы уақыт қалғанына қарамастан, азаматтардың белсенділігі бәсеңдеген жоқ. Керісінше, сайлау учаскелеріне келіп жатқан тұрғындар легі науқанның соңғы сағаттарына дейін жалғаспақ.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақтағы сайлау учаскелерінде сайлаушылардың қарасы қалың.Тұрғындар соңғы сәтке дейін өз таңдауын жасауға келіп жатыр. Әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан фото-суреттер мұны айқын дәлелі.

Биылғы сайлауда Жетісу ауданының электораты ерекше белсенділік танытып отыр. Тұрғындардың дауыс беруге деген қызығушылығы күннің соңына қарай да сақталуы — азаматтық белсенділіктің жоғары екенін аңғартады.

Учаскелердің жабылуына аз ғана уақыт қалды. Алайда сайлаушылардың дауыс беруге асыққан қадамы саяси науқанның соңғы минуттарына дейін жалғасып жатқанын көрсетіп отыр.

Abai.kz

0 пікір