Референдум: Теміртауда егіздер өз туған күндерінде алғаш рет дауыс берді...
Бүгін республика бойынша жаңа Конституция жобасына қатысты жалпыхалықтық референдум өтуде. Бұл саяси науқан елдің әр өңірінде ерекше сәттермен есте қалып жатыр.
Мәселен, Қарағанды облысының Теміртау қаласында егіздер - Нұралы мен Ералы дәл бүгін 18 жасқа толды.
Ел тарихындағы елеулі күнмен тұспа-тұс келген туған күнінде олар референдум учаскесінде өз таңдауын жасады. Бұл маңызды сәтті ескерген комиссия мүшелері егіздерді туған күнімен құттықтап, сыйлық табыстады.
Abai.kz