Header Banner
Жексенбі, 15 Наурыз 2026
221 0 пікір 15 Наурыз, 2026 сағат 12:33

«Қар барысы» Қонаевта референдумда дауыс берді

Сурет: Аслан Кожеке

Қонаев қаласында дауыс беру барысында тұрғындардың назарын ерекше қатысушы аударды. Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда №949 сайлау учаскесіне Алматы облысының символы саналатын қар барысының кейпіндегі костюм киген қала тұрғыны келді.

Сурет: Аслан Кожеке

«Қар барысының» келуі учаскеде болған азаматтардың қызығушылығын бірден тудырды. Дауыс берушілер ерекше қонақты жылы қарсы алып, онымен естелік суретке түсіп, мұндай креативті бастама учаскедегі көңіл-күйді көтеретінін атап өтті.

«Қар барысы — біздің облыстың символы. Бүгін мен өз азаматтық борышымды орындап, еліміз үшін маңызды оқиға — жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қатысу үшін өз учаскеме келдім», — деді Қонаев қаласының тұрғыны,  «Қар барысы» кейпінде келген Шыңғыс Мұқашев.

Дауыс бергеннен кейін «қар барысы» басқа да дауысберушілермен әңгімелесіп, естелік фотосуреттерге түсті.

Abai.kz

0 пікір