АҚШ соққысынан Ирандағы ең биік көпір құлады
АҚШ-тың әуе соққысының салдарынан Тегеран маңындағы Карадж қаласында орналасқан көпір опырылып түсті. Бұл нысан ел астанасын батыс өңірлермен байланыстырып тұрған маңызды инфрақұрылым болған, деп жазады Alash.KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы 97 адам жарақат алған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы «ең үлкен көпірдің» жойылғанын мәлімдеп, мұндай соққылардың жалғасуы мүмкін екенін ескертті.
Ал Тегеран тарапы Вашингтонның әрекетін айыптап, бұл азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуыл екенін айтты.
BBC дерегінше, құрылысы толық аяқталмаған көпірдің ұзындығы 1050 метр, ал биіктігі 136 метр болған. Ол елдегі ең биік көпір саналған.
Abai.kz