Президент: Құрылтай сайлауы тамызда өтеді...
Қазақстанның жаңа Парламенті — Құрылтайға сайлау тамыз айында өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада ғалымдарды марапаттау рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі. Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашады. Бұл ретте біз жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс. Мен мұның маңызы жөнінде бірнеше рет айттым»,— деді Мемлекет басшысы.
Президент Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін ауқымды «қайта құру» процесінің бастауы болатынын атап өтті.
«Сонымен қатар, мен бұған дейін де бірнеше рет атап өткенімдей, біз жүргізіп жатқан саяси және экономикалық реформалардың қоғамдағы оң «ментальды» өзгерістермен тығыз байланысты болуы өте маңызды», — деп толықтырды ол.
Abai.kz