Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3544 0 пікір 28 Қазан, 2009 сағат 10:49

Қазақтан биылғы маркетингтік жылда Ауғанстан мен Иранға, Кавказ және Орта Азия елдеріне 6 млн тонна астық экспорттай алады

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Қазақстан биылғы маркетингтік жылда (2009 жылдың шілдесі – 2010 жылдың маусымы)  Ауғанстан мен Иранға, Кавказ және Орта Азия елдеріне 6 млн тонна астық экспорттай алады, деп мәлім етті ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев.

«Біздің астықты дәстүрлі импорттаушылар – Ауғанстан, Иран, Кавказ және Орта Азия елдері. Бұл нарықтарда астықтың жақсы шығымына байланысты нарықтың сыйымдылығы 16 млн тоннадан 8 млн тоннаға дейін төмендеді. Біздің болжамымыз бойынша, қазақстандық бидайды сатып алатын осы нарықтарға біз биылғы жылы көп дегенде 5-6 млн тонна экспорттай аламыз», -деді ол сәрсенбі күні журналистерге парламент ғимаратында.

Республикада жиналған астықтың жалпы көлемі бункерлік салмақта 23 млн тоннаны құрап отырғаны белгілі. Қазақстан биылғы маркетингтік жылда 10 млн тоннаға дейін астық экспорттай алады, деп мәлім еткен еді ауыл шаруашылық вице-министрі Арман Евниев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339