Сейсенбі, 14 Сәуір 2026
218 0 пікір 14 Сәуір, 2026 сағат 19:18

Аружан Саин қаңғыбас иттердің балаларға шабуылы жалғасуы мүмкін екенін жоққа шығармайды

Сурет: DKNnews.kz сайтынан алынды.

Алматы қаласында Қазақстан баспасөз қызметінің алаңында қаңғыбас жануарларды эвтаназиялау туралы заң жобасына қарсышыққан, Аружан Саин жетекшілік еткен жануарларды қорғаушылардың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Қоғамда заң жобасын қолдаушылар мен оған қарсы тараптар арасында пікірталас жүріп жатқан тұста, спикерлерге тікелей сұрақ қойылды: қайсысы маңыздықаңғыбас иттердің өмірі ме, әлдебалалардың өмірі ме? Мысал ретінде журналист Ақтөбе облысы аумағында 2022 жылы иттер тобы баланы талап өлтірген қайғылы оқиғаны келтірді.

Алайда көңіл айту немесе мәселенің өзектілігін мойындаудың орнына, Аружан Саин қаңғыбас иттердің шабуылынан балалардың қаза табуын тұрмыстық жарақаттармен және жаһандық қақтығыстармен салыстыруды жөн көрді.

«Қараңыздар. Өкінішке қарай, бүкіләлемде адамдар мен балалар әртүрлі жағдайларда зардап шегеді. Өте өкінішті. Балалар әскери қақтығыстарда зардапшегеді, терезеден құлап жатады. Иә, сондай-ақ қылмыскерлердің, зорлық жасаушылардың қолынан да жапа шегеді. Осындай қорқынышты жағдайлар тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де орын алады. Бір-бірімізді және балаларымызды толық қорғағымыз келеді, бірақ бәрінен толықтай қорғау әрдайым мүмкін бола бермейді», – деді Аружан Саин.

Сөзінің соңында Аружан Саин қайғылы жағдайлар үшін жауапкершілікті ішінара балалар мен олардың ата-аналарынажүктеді. Қоғам белсендісінің пікірінше, қоғамдық орындарда қаңғыбас иттердің шабуылына кінә ит аулау қызметтерінденемесе заңнаманың жетілмегендігінде емес, баланың жануармен кездесуі кезінде ықтимал қауіп-қатерді ескермеген ересектерде жатыр.

«Иә, балаларға қатысты айтарымоларды қараусыз қалдырмау керек және зияншегуі мүмкін жағдайларға түсірмеу қажет. Түсінесіз бе? Бала, әсіресе кішкентай бала, өзіне қауіп төнуі мүмкін жерде болмауы тиіс. Бұл тек жануарлардың ғана емес, ересектердің де жауапкершілігі», – деп атапөтті ол.

Қазіргі шаралардың тиімсіздігіне қарамастан, жануарларды қорғаушылар эвтаназияны санын реттеу әдісі ретінде қабылдамайды. Олардың пікірінше, халыққа қауіп төнген жағдайда да басымдық стерилизацияға берілуі тиіс, алайда бұлжануарларды көшеде қалдырып, олардың агрессия көрсету мүмкіндігін толық жоймайды. 

Abai.kz

0 пікір