Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3624 0 пікір 28 Қазан, 2009 сағат 10:52

БҒМ сапасыз білім беретін ЖОО-ларды жабуды жалғастырады - Түймебаев

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Білім және ғылым министрлігі сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын жабуды жалғастырады, деп мәлім етті білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.

«Сондықтан біз тиісті деңгейде білім бермейтін ЖОО-лардың санын қысқартамыз», - деді ол журналистерге ведомствода өткен брифингте.

Министр ондай оқу орындары оларды студенттердің ата-аналары таңдағандықтан және сапасыз білім үшін ақы төлейтіндіктен ғана қызмет етуде деп есептейді.

«Тағы да атап көрсеткім келеді, егер біздің түлектеріміз ол жоғары оқу орындарына бармаса, ал ата-аналарымыз ондай оқу орындарының берген білімі үшін қаржы төлемесе, олар өздігінен жабылатын еді. Сосын барлық ауыртпалық бізге түседі, біз комиссиялар аттандырамыз, өзімізге өзіміз жұмыс тауып аламыз. Өйткені білім де бәсекелестік», - деді Ж. Түймебаев.

Ол 2007 жылы министрлік барлық филиалдар мен кейбір ЖОО-ны жауып, ЖОО-ларға талаптарды қатайтқанын еске салды.

Министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, министрліктің студенттердің жұмысқа орналасуына кепілдік бере алмайтынын жеткізді.

«Осы орайда біз басқа уақытта, нарықтық экономиканың заңдары бойынша өмір сүріп жатқанымызды еске салып өткім келеді. Біз бір де бір мемлекеттік кәсіпорынды, бір де бір ұлттық компанияны, шетелдік холдингті міндеттей алмаймыз ( білім несиесін алған ЖОО түлегін жұмысқа қабылдауға). Барлық құрылымдарда қызметкерлер жұмысқа конкурстық негізде қабылданады», - деді Ж. Түймебаев.

Осыған байланысты студенттер үздік ЖОО-ларды таңдап, жақсы оқуға тиіс, деді министр.

«Егер олардың үлгерімі жақсы болса, олар жақсы маман болса, үшінші-төртінші курстан бастап жұмыс берушілер студенттерді өздері іздей бастайды. Оларды алдын ала таратып әкетеді. Қазіргі кезде көптеген студенттер оқумен қатар жұмыс істеп жүр, өйткені жақсы мамандар барлығына қажет», - деп қорытындылады Ж. Түймебаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320