Әдебиет және руханият
Әдебиет пен руханият егіз. Руханятсыз әдебиет қоқыс. Әдебиетсіз руханияттың да оқырманы жоқ. Әдебиет – адамның ішкі жан дүниесін, сезімін, ой-толғанысын бейнелейтін сөз өнері болса, руханят – ондағы кейіпкердің моральдық құндылықтарын, сенімі мен танымын көрсетеді.
Әдебиет әуелде руханияттың айнасы. Қай кезеңнің әдебиетін алсақ та, онда сол дәуірдің рухани деңгейі, адамгершілік қағидалары, дүниетанымы көрініс табады. Мысалы, Абай Құнанбайұлы шығармаларында адам болмысы, ар-ождан, иман, білім мен тәрбие мәселелері жан-жақты да терең қозғалады. Сондықтан да оның өлеңдері мен қара сөздері қазақ руханиятының биік шыңына айналды.
Ендігі кезекте әдебиет – рухани тәрбие құралы. Көркем шығарма арқылы адам жақсылық пен жамандықты ішінен сезінеді, өмірдің мәнін болмысымен түсінеді, «мен не істеп жүрмін» деп өзіне сұрақ қоя бастайды. Мысалы, Оралқан Бөкейдің «Атау кере» романы тек көркем картина емес, онда жазушы «Аралар жасаған қоғамдық өмірдің деңгейіне жету үшін адамзат баласының алдында әліде ұзақ талай жол жатыр» деп бастау арқылы адамның қашанда тәрбиеге мұқтаж екенін көрсетіп, айналаға(тәбиғатқа) ақыл көзімен қарауды ескертеді.... Жаһанданудың қаупін будан аралар арқылы берді. Бұл романнан оқырман рухани құндылықтарды аяққа таптаған «Таған» атты бас кейпкерді көреді.
Руханиятсыз әдебиет өлі. Егер шығармада рухани тереңдік болмаса, қанша сұлу сөзбен өрсеңде тек жалаң баяндаумен шектеліп, оқырманға еш әсер етпейді. Ал рухани мазмұны бай әдебиет адамды толғандырып, адам жан дүниесінде толқын тудырады, кейде тіпті оқырманның өмірлік бағытын өзгертуі де мүмкін.
Әдебиет пен руханият – ұлттық болмысты сақтауға қызмет етуі керек. Әдебиет арқылы ұлттың тілі, дәстүрі, дүниетанымы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Бұл тұрғыда қазақ әдебиеті халықтың рухани қазынасын сақтаушы қызмет атқарды. Бүгінгі күнде қазақ таудан түсседе әлі тауды, аңшыны, тазыны жазған шығармалардың оқылымы төмен.
Әдебиет ол руханияттың көрінісі ғана емес, руханият жасайтын және дамытатын күш. Ал руханият болса әдебиеттің өзегі. Солай оқырманды кемелдікке, ізгілікке, рухани биіктікке жетелейді.
Ал онда Қожа Ахмет Яссауи, Жыраулар поэзиясы, Абай, Шәкәрім, Машһұр Жүсіп Көпейұлы т.б. қаламгерлер шығармаларындағы руханият қайдан келді. Ислам дін ғана емес тұтас өркениет. Әрине Ислам діні қазақ үшін руханияттың қайнар көзі. Исламның бас кітабы Құран араб әдеби тілінің ең биік шыңы.
Құран мәтіні – поэтикалық ритм мен ырғаққа негізделген,терең метафораларға, көркем бейнелеуге, символдарға бай;
Айтатын ой қысқа, бірақ мағыналық терең құрылымға ие.
Құран тек діни мәтін емес, көркем әдебиет. Құрандағы баяндау тәсілі поэтикалық прозаның ерекше түрін қалыптастырды. Бұл стиль кейінгі араб және мұсылман әдебиетінде кеңінен қолданылды.
Ол кейінгі барлық мұсылман әдебиетіне стильдік және мазмұнына тікелей әсер етті.
Екінші кітап Хадис – Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.) айтқан сөздері мен іс-әрекеттері туралы деректер жиынтығы.
Хадистер:қысқа әрі нұсқа стилімен ерекшеленеді, дөп сөйлеу мәдениетін дамытты, шешендік өнердің үлгісі, моральдық-этикалық бағыт береді. Сондықтан хадис те ислам әдебиетінің дидактикалық (тәрбиелік) прозаның негізін қалады. Аталмыш әдебиет қоғамдағы мінез-құлық нормаларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
Ислам поэзияның дамуына ықпал етті (мысалы, сопылық поэзия), прозалық шығармаларға ой тереңдігін берді, мораль, әділет, адамгершілік тақырыптарын күшейтті. Мұсылман әлеміндегі көптеген классикалық ақындар (мысалы, Руми, Фирдоуси, Науаи) Құран мен хадистен шабыт алды.
Құран – көркем сөздің рухани негізі, хадис – даналық пен тәрбиенің көзі, ал екеуі бірге ислам әдебиетінің философиялық әрі көркемдік әлемін қалыптастырды.
Руханият өзегі Құран мен Хадис сөз өнерінің дамуына ерекше ықпал еткен маңызды әдеби феномендер, ислам мәдениетінің эстетикалық, этикалық және философиялық негізін қалыптастырды.
Құран мен хадистің ықпалы нәтижесінде ислам әдебиетінде бірнеше бағыт қалыптасты: сопылық поэзия (рухани ізденіс пен Жаратушыға махаббат философиясы);
дидактикалық әдебиет (тәрбиелік шығармалар);
тарихи және философиялық проза.
Ақындар мен ойшылдар Құран мен хадисті рухани шабыт көзі ретінде пайдаланды. Мысалы, шығыс классиктері адамгершілік, әділет, махаббат тақырыптарын осы ілімдер негізінде дамытты.
Әдебиетке Құран мен Хадистің рухани-эстетикалық ықпалы ерекше болды.
Көркем сөзде «қасиет ұғымы» қалыптасты, әдебиетте моральдық жауапкершілік күшейді, тіл мен стильдің тазалығы басты талапқа айналды.
Құран – ислам әдебиетінің тілдік әрі көркемдік шыңы, ал хадис – оның этикалық және дидактикалық негізі. Екеуінің синтезі ислам өркениетінде ерекше әдеби дәстүрдің қалыптасуына жол ашты. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Қазақ әдебиеті – түркілік мәдениет пен ислам өркениетінің тоғысқан кеңістігінде қалыптасқан рухани жүйе. VIII–IX ғасырлардан бастап ислам дінінің таралуымен бірге Құран мен хадис ілімі қазақ даласының рухани-мәдени өміріне терең ене бастады. Бұл үрдіс тек діни санаға ғана емес, сонымен қатар әдебиет пен тілдің дамуына да ықпал етті.
Ислам дінінің таралуы нәтижесінде қазақ әдебиетінде жаңа тақырыптар мен идеялар пайда болды:
Алланы тану, иман, тағдыр ұғымдары;
адамгершілік, әділет, сабыр, шүкір философиясы;
дүниенің өткіншілігі (фәнилік) туралы ойлар.
Бұл ұғымдар ауыз әдебиетінен бастап жазба поэзияға дейін кеңінен тарады.
Құранның көркем тілі мен бейнелі ойлау жүйесі қазақ әдебиетіне жанама түрде әсер етті:
шешендік сөздердің моральдық тереңдігін күшейтті;
метафоралық ойлау жүйесін дамытты;
діни-философиялық поэзияның қалыптасуына негіз болды.
Мысалы, Қожа Ахмет Ясауи сарыны, жыраулар поэзиясында өмірдің өткіншілігі, әділет пен ар ұғымдары Құрандық дүниетаныммен үндес келеді. Қазақ әдебиетінде сопылық поэзияның ықпалы да маңызды:
Қожа Ахмет Ясауи дәстүрі;
рухани махаббат пен Аллаға сүйіспеншілік идеясы;
дүниеден баз кешу және рухани тазалық ұғымы.
Бұл дәстүр қазақ жыраулары мен ақындарының шығармаларында жалғасын тапты.
Құран мен хадис қазақ әдебиетінің идеялық-философиялық негізін байытты. Олар әдебиетке моральдық тереңдік, рухани мазмұн және эстетикалық биіктік берді. Қазақ әдебиеті исламдық құндылықтарды ұлттық дүниетаныммен үйлестіре отырып, ерекше көркемдік жүйе қалыптастырды
Қазақ әдебиеті ислам өркениетінің рухани кеңістігінде дамығандықтан, Құран мен хадис идеялары оның мазмұны мен эстетикасына терең әсер етті. Бұл әсер әсіресе Қожа Ахмет Ясауи және жыраулар поэзиясы, Абай Құнанбайұлы өлеңдерінде айқын көрінеді.
Қожа Ахмет Ясауи – түркі сопылық әдебиетінің негізін қалаушы. Оның «Диуани хикмет» еңбегінде Құран мен хадис идеялары поэтикалық формада берілген.
«Хақ жолына кірмеген адам – хайуанмен тең»
Бұл жол исламдағы рухани кемелдік идеясымен үндес. Құрандағы адамды рухани жетілуге шақыру идеясы Ясауиде поэтикалық түрде дамиды.
«Дүние үшін қайғырма, ақыретіңді ойла»
Бұл хадистік мазмұндағы дүниенің өткіншілігі (фәнилік) идеясын білдіреді.
XV–XVIII ғасырлардағы жыраулар шығармашылығында исламдық моральдық жүйе кең көрініс тапты.
Асан Қайғы
«Қилы-қилы заман болар,
Судай тасып толар,
Жақсы менен жаманды
Ақырында Құдай алар»
Бұл жерде “ақыретте жауап беру” идеясы Құрандағы моральдық жауапкершілікпен үндес.
Бұқар жырау
«Адамзаттың баласы –
Бір-біріне қонақ қой»
Бұл ой хадистегі “дүние – өткінші, адам – жолаушы” концепциясымен сәйкес келеді.
Жүсіпбек Қожа шайқыислам, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды көптеген тұлғалардың ислам хикметтерін, пайғамбарлар тарихын назиралық жолымен жазған еңбектері, сонымен бірге өзіміздің қазақы әуендегі «кешегі өткен заманда, дін мұсылман аманда» деп басталатын поэма, эпостық жырлары, қазақ халқының батырлар жыры «Бақтиярдың қырық бұтағы», «Қырымның қырық бұтағы» сынды дастандар бұның жанды мысалы.
XIX–XX ғасырлардағы қазақ жазба әдебиетінде исламдық идеялар айқын көрінеді:
Абай Құнанбайұлының моральдық-этикалық ілімі;
Діни-ағартушылық бағыттағы Ғұмар Қараш, Шәді Жәңгіров, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Нұржан Наушабаев, Тұрмағмбет Ізтілеуов, Ақмола Мұхаммедияров,Әбубәкір Кердері, Мақаш Қалтаев, Нұржан Надшабаев, Мұсабек Байзақұлы, Әріп Тәңірбергенов, Иманжүсіп Құпанұлы қатарлы ақындар шығармашылығы.
Әсіресе Абайдағы иман, әділет, ар-ождан мәселелері исламдық моральмен тығыз байланысты.
Исламдық мораль мен рационалдық ойлау жүйесі терең синтезделген.
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»
Бұл Құранның абсолют ақиқат ұғымымен тікелей байланысты.
«Иман деген – Алла табарака уа тағаланың шәриксіз, ғайыпсыз бірлігіне илану»
Бұл жерде Абай иманды тек сенім емес, философиялық таным ретінде түсіндіреді.
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті»
Бұл жолдардағы “махаббат” концепциясы сопылық поэзиядағы және Құрандағы Алланы сүю идеясымен тікелей байланысты.
Ал Хадис қазақ әдебиетіндегі нақыл сөз, бата, шешендік өнердің қалыптасуына негіз болды.
«Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдалы болғаны»
Бұл идея қазақ билерінің сөздерінде:
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»
түрінде жалғасын тапқан.
Хадис қазақтың тәрбиелік әдебиетіне ерекше ықпал етті. Оның әсері:
қысқа, нақыл сөздер дәстүрінің дамуы;
моральдық-этикалық бағыттың күшеюі;
шешендік өнердің қалыптасуы.
Билер мен шешендердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) сөздеріндегі әділдік, туралық, адамгершілік қағидалары хадистік ойлау жүйесімен үндес.
Құран мен хадис қазақ әдебиетінің идеялық өзегін қалыптастырды. Ясауи сопылық поэзия арқылы рухани тереңдік берсе, жыраулар оны ұлттық дүниетаныммен ұштастырды, ал Абай бұл дәстүрді философиялық деңгейге көтерді. Осылайша исламдық ілім қазақ әдебиетінің көркемдік және рухани жүйесін байытты.
Нұрхалық Абдырақын
Abai.kz