Павлодарда химия сабағында уланған оныншы сынып оқушылары қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды
Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Павлодардың № 17 мектебінен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген химия сабағында уланған оныншы сынып оқушылары ауруханада ем қабылдауды қажет етпейді, олар медициналық мекемеден 16 сағат 15 минутта үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.
Бұған дейін Павлодар облыстық ТЖД хабарлағандай, оқушылар химия сабағында уланып, «химиялық реагенттердің буынан ингаляциялық улану» диагнозымен ауруханаға жеткізілген.
Облыстық ТЖД-нің ақпаратына сәйкес, жасөспірімдер химия сабағында кальций карбидынан ацетилен алу барысында уланып қалған. Куәгерлердің айтуынша, тәжірибе барысында күтпеген химиялық реакция болып, улы түтін шыққан, осыған байланысты балалар өздерін нашар сезінген.