Сейсенбі, 12 Мамыр 2026
Жаңалықтар 130 0 пікір 12 Мамыр, 2026 сағат 14:16

Командирлер z-ұрпақпен жұмыс істеуді үйренеді

Сурет: «24KZ» телеарнасынан алынды.

Биылдан бастап әскердегі командирлер Отан алдандағы борышын өтеуге барған заманауи жастар – Z-ұрпақпен жұмыс істеуді үйренеді. Ол үшін арнайы курс әзірленіп жатыр. Елімізде зумерлердің ұстанымдарына бейімделген тәрбие бере алатын командирлер дайындалады. Бұл жайында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков «24KZ» телеарнасындағы «ТҮЙІН» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Биылдан бастап тактикалық деңгейдегі командирлер мен сержанттар құрамдары үшін қазіргі таңдағы жасөспірімдермен жұмыс жасау курстарын дайындап жатырмыз. Сол курстардан өтетін болады. Қазір әскер қатарына келіп жатқан жастардың өзінің ұстанымы, бейімі бар. Соны біліп, соған бейімделген тәрбие бере алатын командирлер дайындап жатырмыз», - деді ол.

Қорғаныс министрінің орынбасары қазір әскерге келіп жатқан бозбалалардың осыдан 20 жыл бұрынғы жастардан өзгешелігіне тоқталды. Әскер қатарына алынған алғашқы екі айда жастар психологиялық тесттен өтеді.

«Кейбір әскерге келіп жатқан сарбаздарымыз үйде жалғыз өскен бала, үлкен ұжымдарға бейімделмеген болып келеді. Сондықтан, әскерге шақырылу кезінде психологиялық тесттерден өтеді. Қазіргі таңда екі апта бойы солдаттарды психологиялық тұрғыдан зерттеу уақытын өткізіп жатырмыз. 2 аптадан кейін сарбаздың психологиялық деңгейі қандай екенін анықтап, содан кейін қандай лауазымға қою керек екенін анықтаймыз», - деп атап өтті бағдарлама қонағы.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ:

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2559
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1776