ҚарМТУ – өз базасында Конфуция институты ашылатын Қазақстандағы бірінші техникалық ЖОО болады
Қарағанды. 29 қазан. ҚазТАГ – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетке қытайлық Шихэцзы университетінің (ҚХР) делегациясы келді. ҚарМТУ-дан хабарлағандай, сапардың негізгі мақсаты – ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою. Онда негізгі тармақ ретінде ҚарМТУ базасында Конфуция институтын ашу көрсетілген.
Қарағандыда Конфуция институтын ашу туралы келіссөдер жазда университетке ҚХР-дің Қазақстандағы елшілігінің бірінші хатшысы Ли Чжи келгенде жүргізілген болатын.
Бүгін ҚарМТУ-да институтты құру жөнінде қарағандылық профессура мен қытайлық ғалымдар және Шихецзы университетінің басшыларының қатысуымен дөңгелек стөл өтеді.
Еске сала кетсек Конфуция институттары әль-Фараби ат. ҚазМУ-да және Н. Гумилев ат. ЕҰУ-да ашылған. Қарағанды осындай институт ашылып отырған үшінші қала, ал ҚарМТУ - қытай тілін қалағандары оқи алатын бірінші техникалық ЖОО.
«Біздің елдер арасындағы қарым-қатынастың дамуымен қытай тілін білетін мамандарға деген сұраныс артады», - деді Ли Чжи.
Конфуция институты – испаниялық Сервантес және немістің Гете институты сында білім беру жүйесі. Негізгі мақсаты – тіл мен мәдениетті оқыту.

Алғашқы Конфуция институты 2004 жылы Сеулде ашылды. Бүгіндері әлемнің 64 елінде олардың саны 210-нан асады. Қытай Халық Республикасының білім беру министрлігінің болжамынша 2010 жылы жер шарында 100 милионнан астам адам қытай тілін шет тілі ретінде үйренеді.