Сейсенбі, 19 Мамыр 2026
Деп жатыр 153 0 пікір 19 Мамыр, 2026 сағат 15:00

Аңыздарымызды тірісінде бағалай алмай жүрміз...

Сурет: alash.kz сайтынан алынды.

«Қыз Жібектің» камзолы шаң басқан сандықтан шыққанда, астына көмілген бір шындық та қоса шықты.

Қазақтың Жібегі - Меруерт Өтекешованың  Астанада  пәтер жалдап тұратынын естіген жұрт жабылып Қонаев пен Нұрқаділев берген пәтерлерді түгендеуге кірісті. Қай көшеде тұрғанына дейін айтып, жарыса жазып жатыр. Ал сол үйлердің не үшін сатылғанына келгенде үнсіз…

Бірақ Меруерт Өтекешова осы уақытқа дейін ешкімге алақан жайған жоқ. Ел аралап жылаған жоқ. Ол қуыршақ құсап киініп алып, «үйім жоқ» деп көмек сұраған әнші тоқсақалдардың қатарына қосылған жоқ. Бар қайғысын ішіне жұтып, тектілігін сақтап келеді.

Бәлкім «Қыз Жібек» фильмі де қайта түсірілер. Бірақ Меруерттің жанарындағы тазалықты, бойындағы қазақылықты, табиғи сұлулықты ешкім енді дәл ол сияқты бере алмайды. Өйткені ол рөл ойнаған жоқ, ол қазақтың өзін экранға алып шықты.

Ендеше қазақтың бай-бағландары, миллиардын көрсетіп мақтанатын «меценаттар» нағыз сыналатын жер осы.

Кезінде халқы Қадыр Мырза Әліге, Күләш Ахметова мен Қайырбек Асановқа туған жерлерінде үй салып беріп, құрмет көрсетті. Ендеше, қазақтың сұлулығын әлемге танытқан Меруерт апайларына да ел болып ықылас білдіретін уақыт келген шығар.

Қалталы, жүрегі қазақ деп соғатын азаматтар бас қосып, Меруерт Өтекешоваға бір лайықты шаңырақ көтеріп берсе еңсесі де көтеріліп қалар еді. Әсіресе, қазақ өнеріне көрсетілген құрмет болары сөзсіз.

Құман мен Меруерттің тағдырының өзі бір фильмге сұранып тұр. Ал біз тірі аңыздарымыздың қадірін тірісінде бағалай алмай жүрміз…

Риза Молдашева

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2898
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1999