Дүйсенбі, 19 Қазан 2026
Жаңалықтар 1237 0 пікір 3 Маусым, 2026 сағат 14:27

Боранбаевке тиесілі компанияның тағдыры шешілді

Сурет: inbusines.kz сайтынан алынды

Бұған дейін кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған Phystech II бұрынғы мұнай компаниясы ресми түрде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының бақылауына өтті.

Ресми мәліметке сәйкес, мәміле 2026 жылғы 29 мамырда рәсімделген,

Phystech II АҚ –  Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнында көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына иелік ететін ірі мұнай өндіруші актив.

Компания мемлекет меншігіне 2023 жылдың қазан айында Қайрат Боранбаевтың активтерді ерікті түрде қайтаруы аясында өткен болатын. Сол кезде үкімет кәсіпорынды 35 миллиард теңгеге бағалаған еді.

Бастапқыда Phystech II "Самұрық-Қазына" қорының басқаруына берілді. Кейін Үкімет кулуарында компанияны жеке инвесторға қайта сату нұсқасы талқыланды. Алайда, қорытындысында билік стратегиялық активті мемлекеттік құрылымда қалдыру және оны бейінді еншілес ұйым – "ҚазМұнайГазға" беру туралы шешім қабылдады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1077
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1461