Бейсенбі, 25 Маусым 2026
254 0 пікір 24 Маусым, 2026 сағат 20:01

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды

Cурет: Ж.Жұмабеков.

24 маусым, Астана, Мәжіліс үйі. Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы аяқталды. Қорытынды отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата мүшелеріне заң шығару қызметіне белсене араласып, жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді, олардың басты жетістіктерін атап өтті.

Cурет: Ж.Жұмабеков.

Ерлан Қошанов Қоғамдық палата ауқымды саяси өзгерістер бастау алып, азаматтық қоғамның рөлі күшейген кезеңде құрылғанына тоқталды.

– Сол тұста Мемлекет басшысы көшелермен алаңдардағы пікірталас Парламент қабырғасына өтуі керек деген болатын. Мәжілісжанында Қоғамдық палатаның құрылуы осыған жауап болды. Бүгінгітаңда атқарылған жұмыс мазмұнды, қоғам сұранысына сай әрі нәтижелі болды деп сеніммен айта аламыз. Қоғамдық палата еліміздің жаңа саяси жүйесінде лайықты орынды иеленді, – деді Мәжіліс төрағасы.

Cурет: Ж.Жұмабеков.

Спикер Қоғамдық палата еліміздің дамуындағы өзекті мәселелер бойынша сындарлы пікір айтылатын ашық алаңға айналғанына назар аударды. Бұл ретте, палата мүшелері тек бақылаушы ғана емес, заң шығару процесінің толыққанды қатысушысы болғанын айтты. Олар заң жобаларына қатысты жүздеген тұжырымдамалық ұсыныс жолдап, соның біразы жұмысқа қабылданды.

Cурет: Ж.Жұмабеков.

Сонымен қатар Қоғамдық палата мүшелері қоғамдағы ең күрделі әрі өзекті тақырыптарды талқылауға белсенді атсалысып, мемлекетпен азаматтардың арасында ашық диалогты қамтамасыз етті. Алматы тұрғындарымен Мүлік иелерінің бірлестігі және Пәтер иелерікооперативтерінің проблемалары бойынша кездесулер өткізді, Бурабайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың орындалу мәселелерін талқылады, Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің алаңында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың проблемаларын көтерді.

Мәжіліс спикері атап өткендей, Қоғамдық палата отырыстарында жеңіл тақырып болған жоқ. Олардың қатарында заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң, жаңа Салық кодексінің нормалары, масс-медиа туралы заң бар. Бұдан бөлек, Құрылыс пен Цифрлық кодекстер, жасанды интеллект туралы заң, жергілікті өзін-өзі басқару, лудомания, есірткі қолдану мен тарату және басқа мәселелер кеңінен талқыланды.

Cурет: Ж.Жұмабеков.

Ерлан Қошанов Қоғамдық палатаның әр мүшесіне табандылығымен принциптілігі, жоғары белсенділігі мен үлкен жауапкершілігі үшін ризашылығын білдірді. Депутаттармен бірге заң шығару қызметінде де олардың елеулі әрі маңызды із қалдырғанына мән берді.

Мәжіліс төрағасы биыл 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енетінін еске салды. Оның нормаларына сәйкес, күзде Қазақстан Республикасының бір палаталы Құрылтайы құрылады. Спикер Қоғамдық палатаның мол тәжірибесі мен дәстүрлері Құрылтай жұмысында да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Қоғамдық палатаның төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым сегізінші сайланым барысында палатаның 30 отырысы, соның ішінде10 көшпелі отырыс өткенін айтты. Осы жиындардың қорытындысы бойынша Мәжілістің салалық комитеттері мен уәкілетті мемлекеттік органдарға 500-ден астам ұсыным жолданды.

Cурет: Ж.Жұмабеков.

Ол Қоғамдық палата мүшелері Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына, Конституциялық комиссияға және «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшінжалпыұлттық коалициясының ақпараттық жұмысына белсенді қатысқанына тоқталды.

«Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова Қоғамдық палатаның құрылуы соңғы жылдардағы ең маңызды институционалдық шешімдердің біріболғанын атап өтті. Оның пікірінше, салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде Қоғамдық палата Парламенттің, азаматтық қоғамның, сарапшылар қоғамдастығының, бизнес пен кәсіби бірлестіктердің бірлескен іс-әрекетінің маңызды алаңына айналды. Бұл ретте Зәуреш Батталова институционалдық жадыны сақтап, жинақталған нәтижелерді сарапшылар қауымының келесі құрамына берудің маңызды екенін айтты.

Еуразиялық тұтынушылар одағының басқарма басшысы, Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Светлана Романовская жасанды интеллект технологияларын пайдаланып коммерциялық емес ұйымдардың тәжірибе алмасуы үшін бірыңғай алаң құру туралы ұсыныс білдірді. Ал саясаттанушы Данияр Әшімбаев Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата сияқты алаң Парламентке ғана емес, сарапшылардың өздеріне де қажет екеніне тоқталды. Ол сондай-ақ Мәжілістің өткен сегізінші сайланымы пікір алуандығы мен ерекшеленетінін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Мәжіліс төрағасы Қоғамдық Палата мүшелеріне алғыс хаттар табыс етті.

 Abai.kz

0 пікір