Сенбі, 11 Шілде 2026
46 - сөз 819 0 пікір 9 Шілде, 2026 сағат 15:19

АҚШ Израильден теріс айнала ма?!

Сурет: Ulysmedia..kz сайтынан алынды.

Associated Press (AP) және Чикаго университетіндегі Ұлттық пікірді зерттеу орталығының (NORC) жақында жүргізген бірлескен сауалнамасы АҚШ-та ондаған жылдар бойы екі партияның кең қолдауына ие болған Израильге деген америкалықтардың қоғамдық пікірінің күрт өзгергенін көрсеткен.

Газадағы соғыс жалғасып жатқандықтан, Израильдің әскери әрекеттеріне болған қоғамдық қолдау айтарлықтай төмендеген.

Сауалнама қатысқан американдық ересектердің шамамен үштен бірі Израиль Газа соғысы кезінде палестиналықтарға қарсы «геноцид» жасады десе, респонденттердің шамамен 20%-ы ғана Израиль геноцид жасамады деген. Американдық еврейлердің шамамен 30%-ы Израиль геноцид жасады деп санайтынын айтса, 49%-ы жасамады деген пікірде екен.

Халықаралық адам құқықтары ұйымдары «геноцид» туралы айытпауды бірінші болып көтерді, ал Израиль мен АҚШ үкіметтері ондай айыптауларды үнемі жоққа шығарып келеді

Делавэрден келген 69 жастағы демократиялық партияның жақтаушысы Гарольд Калмус еврей отбасында дүниеге келгенін және бір кездері Израильмен мақтанғанын, бірақ қазір көзқарасы мүлдем өзгергенін жайып салған. Ол: «Мен ХАМАС-тың Израильге қауіп төндіретінін білемін, бірақ Еврей билігінің істеп жатқаны - айтып жеткізу мүмкін емес қорқынышты мінез-құлық. Менің ойымша, олар өркениетті жоюға тырысуда» деген.

Сауалнамалар демократиялық партияның Израильге қолдауының айтарлықтай төмендегенін көрсетеді. Демократиялық партияны қолдаушылардың 58%-ы АҚШ Израильді «шамадан тыс қолдайды» деп санайды, бұл 2024 жылдың басындағы 45%-дан 13 пайызға көп екен.

Екінші жағынан, қазіргі уақытта 45 жастан асқан демократтардың 57%-ы АҚШ Палестинаға қолдауын арттыруы керек екенін айтқан.

Висконсин штатынан келген 73 жастағы зейнеткер мұғалім Джой Дженник АҚШ-Израиль қарым-қатынасын 2023 жылдың 7 қазанындағы оқиғалардан кейін ғана мұқият бақылай бастағаны, Израиль геноцид жасады деп санайтынын айтқан. «Газа секторы толығымен қирады; адамдардың онда тірі қалуы мүмкін емес» дейді ол.

Республикалық партия тұтастай алғанда Израильді қолдайды, тек 13%-ы ғана Израиль геноцид жасады деп санайды.

Сауалнама сонымен қатар Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Америка Құрама Штаттарындағы қоғамдық беделінің нашар екенін көрсеткен, американдық ересектердің тек 20%-ы оған оң көзқарас танытса, Еврей ересектерінің шамамен 60%-ы Нетаньяхуға теріс көзқараста екенін ашық айтқан.

Abai.kz

0 пікір