Сейсенбі, 21 Шілде 2026
Жаңалықтар 173 0 пікір 21 Шілде, 2026 сағат 15:58

Қазақстан «көлеңкелі қаржымен» қалай күреспек?

Сурет: dknews.kz сайтынан алынды.

Қазақстан «көлеңкелі экономиканы» ЖИ арқылы анықтап, азайтатын болады...

Қазақстан Үкіметі елдегі кәсіпкерлердің «көлеңкелі табысын» анықтау үшін жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі цифрлық мониторинг платформасын іске қосады. Мақсат — республикадағы «көлеңкелі экономика» үлесін 2028 жылға қарай ЖӨӨ-нің 13,8%-ына дейін төмендету. Тиісті кешенді жоспарды енгізу туралы қаулыға Премьер-министр Бектенов қол қойды.

Бұл цифрлық жүйе сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік органдардың деректер базасына қосылып, бюджетке залал келгенге дейін-ақ «көлеңкелі» қызмет тәуекелдерін анықтайтын болады. «Кешенді жоспар экономиканың ашықтығын арттыруға және көлеңкелі экономика тәуекелдері ең жоғары салаларды цифрландыруға бағытталған 53 іс-шараны қамтиды», — делінген Үкімет мәлімдемесінде.

Abai.kz

0 пікір