Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Сайлау 745 0 пікір 23 Тамыз, 2026 сағат 09:05

Қазақстандықтар жаппай дауыс беруге келіп жатыр...

Суреттер: Әлеуметтік желілерден алынды.

Бүгін, 23 тамызда, Қазақстан өз тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлап жатыр.

Дауыс беру таңғы сағат 07:00-ден басталып, 20:00-ге дейін жалғасады. Алғашқы сағаттардың өзі жексенбінің таңына тән мамыражай тыныштықтың бұл жолы сайлау учаскелерінде байқалмағанын аңғартты.

Есіктер ашыла салысымен сайлаушылар сайлау комиссияларының үстелдеріне қарай ағылып, кейбір учаскелерде бірден кезек қалыптасты. Таңнан-ақ бүгінгі күннің айрықша тынысы сезіледі.

Дауыс беруге жұрт жеке-жеке де, отбасымен де, тұтас еңбе кұжымдарымен де келіп жатыр. Қазақстан үшін бұл жексенбі дауыс беру фактісінің өзімен-ақ тарихи күнге айналды: ел азаматтары алғаш рет жаңа өкілді орган –тұңғыш Құрылтайдың құрамын жасақтауда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1342
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2915
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 995
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 927