Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2951 0 пікір 5 Қараша, 2009 сағат 07:47

Қызылордада бір тәуліктің ішінде екінші рет газ жарылды, оның салдарынан ғимарат қирап, бір адам қаза тапты

Қызылорда. 5 қараша. ҚазТАГ – Қызылорда облысының әкімшілік орталығында соңғы 17 сағатта екінші рет газ жарылды, оның салдарынан ғимарат қирауға ұшырады, деп хабарлады агенттікке Қазақстанның ТЖМ.

Аймақтың жедел әрекет етуші күштері хабарлаған жедел мәліметтерге сәйкес, «2009 жылдың 5 қарашасында Қызылордада 7 сағат 25 минутта «Береке» қонақ үйінің екі қабатты ғимаратының асхана орналасқан астыңғы қабатында газ-ауа қоспасы жарылып, астыңғы және бірінші қабаттардың арасындағы темір-бетон құрылыстың қирауына себеп болды. Жарылыс салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмса, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді».

ТЖ салдарын Қызылорда облысы ТЖД өртке қарсы күрес қызметінің, ҚР ТЖМ-нің «ЮРАОСО» ҚБ,  ҚР ТЖМ-нің «ОСО» МБ және газ желілері бойынша апатты-техникалық торабының 160 маманы жоюда, олар 25 техниканы пайдалануда.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жарылысқа газ баллондарынан газдың ауаға тарауы себеп болған.

Бұрын хабарланғандай, сәрсенбі күні 19 сағат 20 минутта Қызылорданың Әйтеке би көшесіндегі тұрғын үйде болған жарылыс салдарынан екі жергілікті тұрғын күйік жараларын алып, ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ғимаратта табиғи газдың тарауы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылған. Осының салдарынан шыққан өрт төрт пәтерге жайылып (№№ 19, 20, 29, 30), 210 м2 аумақты шарпыған. Бұдан басқа, жарылыс толқыны 19-шы және 20-шы пәтерлердің арасындағы қабырғаны құлатып жіберген. № 20 пәтердің 62 жастағы тұрғыны және №29 пәтердің 15 жастағы тұрғыны күйік жараларымен ауруханаға жеткізілді.

30 пәтерлі үйден 96 адам эвакуацияланды.

Қызылорда облысы ТЖД өртке қарсы күрес қызметінің 47 жауынгері, ҚР ТЖМ-нің  «ЮРАОСО» ҚБ-нің 5 құтқарушысы, «ОСО» МБ 15 құтқарушысы және газ желілерінің апатты-техникалық торабының 18 маманы өртті 20 сағат 24 минутта сөндірді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371