Сенбі, 29 Тамыз 2026
Ауыс-түйіс 424 0 пікір 28 Тамыз, 2026 сағат 13:04

Президент: «Құрылтайды Дәдебай тізгіндесін», - деді...

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда жаңа Конституция аясында билік институттарын қайта жасақтаудың маңызды кезеңі басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай Төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынып, Үкіметтің отставкаға кетуі туралы Жарлыққа қол қойды.

«Жоғарыда атап өтім, жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын жасақтау жұмысын бастау үшін біз бірқатар рәсімді өткізуіміз керек.

Ең алдымен, Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет. Өздеріңізге мәлім, Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады.

Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын.

Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді.

Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын», — деді Президент.

Дәдебай бұған дейін президент әкімшілігін басқарып, кейін қызметінен кеткен. Артынша жаңадан құрылған билікшіл «Әділет» партиясына төраға болды.

Бүгін ресми түрде ант берген соң, Құрылтай депутаттары Парламент спикері етіп Айбек Дәдебайды таңдады. 

Abai.kz

0 пікір