Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тауларда жер сілкінісі болды
Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ- Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тауларда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ТЖМ.
«ҚР БҒМ сейсмология институтының мәліметтері бойынша, 4-ші қарашада 15 сағат 28 минутта Қазақстан территориясының Күнгей Алатауы жоталарында энергетикалық классы К=10,5 жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік –шығысындағы 106 км жердегі координаттары: 42° 55” солтүстік ендік пен 78° 09” шығыс бойлық нүктесінде болды», - делінген хабарда.
Саты ауылында жер сілкінісінің күші 3 балл болды. Зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ, дейді ТЖМ.
Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның таулы аудандарында дүйсенбі күні екі рет жер сілкінісі болған.

ҚР БҒМ сейсмология институтының мәліметтері бойынша 2-ші қарашада 11 сағат 44 минутта Жоңғар Алатауының Қазақстандық бөлігінде энергетикалық классы К=9,9 жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік –шығысындағы 490 км жердегі координаттары: 45° 26” солтүстік ендік пен 82° 12” шығыс бойлық нүктесінде болды. Жер сілкінісі Үшарал елді мекенінде екі бал сезілді. Сол күні 14 сағат 35 минутта Қазақстан территориясындағы Тарбағатай жоталарында жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік –шығысындағы 634 км жердегі координаттары: 47° 30” солтүстік ендік пен 82° 14” шығыс бойлық нүктесінде болды. Жер асты дүмпуі жақын шекара заставаларында сезілді. Бұл маңда ауылдар жоқ.