Сәрсенбі, 11 Қараша 2026
Жаңалықтар 634 0 пікір 24 Қыркүйек, 2026 сағат 16:58

Қаза болған сарбаздар ісі: Қылмыстық іс қозғалды

Сурет: dknews.kz сайтынан алынды.

Ақтау гарнизонында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкерлердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Бұл туралы Бас прокуратура жазды.

Ведомство мәліметінше, оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылған. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және прокуратура қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр.

«Қазіргі уақытта барлық жағдайды жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалған»,– делінген хабарламада.

Бас прокуратура тергеу барысы ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір