Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 300 0 пікір 24 Қыркүйек, 2026 сағат 17:05

25 мың КХДР азаматы Ресейде дрон құрастыруда

Сурет: interfax.ru сайтынан алынды.

Ресей дрон құрастыруға 25 мыңға дейін Солтүстік Кореялық жұмысшыны жалдаған...

Ресейдің Украинаға басып кіруін саяси деңгейде қолдаған Пхеньян Ресей әскерінің жеке құрамын толықтырып, Мәскеуге қару-жарақ жеткізіп келген. Енді БҰҰ зерттеушілері 25 мың КХДР азаматының Ресейде дрон құрастырумен айналысып жатқанын, ал олардың тапқан табысының басым бөлігі Ким Чен Ын режиміне кететінін анықтады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Санкцияларды мониторингтеу жөніндегі көпжақты тобының (MSMT) баяндамасына сәйкес, 2025 жылдың аяғында Ресей территориясында 15 мыңнан 30 мыңға дейін Солтүстік Кореялық жұмысшы болған. Олардың ішінде мыңға жуық адам стратегиялық маңызды кәсіпорындарда — қорғаныс зауыттарында, болат қорыту комбинаттарында және кеме жасау қуаттарында еңбек еткен.

Украина барлауы да КНДР-дың 25 мың азаматы Татарстандағы «Алабұға» арнайы экономикалық аймағында ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруде жұмыс істейтінін хабарлаған.

«Радио Свобода» да осыған ұқсас мәліметтерді келтіре отырып, Солтүстік Корея жұмыс күшін шетелде пайдалануға тыйым салатын БҰҰ санкцияларын айналып өту үшін өз азаматтарын «студенттер» ретінде рәсімдейтінін жазған. 2025 жылы Ресей Солтүстік Корея азаматтарына 36 400 виза берген, олардың 35 800-і - студенттік визалар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1498
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3112
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1105
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1033