Сенбі, 3 Қазан 2026
Жаңалықтар 218 0 пікір 2 Қазан, 2026 сағат 13:20

Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы!

Сурет: Сали Сабиров / ҚР ҰОК.

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан қарсылас шақ келтірмей, ел қоржынына кезекті алтынды сыйлады.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз финалдық жекпе-жекте Иордания спортшысы Зияд Ишаишпен қолғап түйістірді. Шабуыл мен қорғанысты шебер ұштастырған Төрехан қарсыласын 5:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бұл жеңіс – Қазақстан құрамасы үшін Азиададағы оныншы алтын жүлде.

Сонымен қатар бұл триумф отандық бокс шежіресіндегі ерекше оқиға болып отыр. Боксшыларымыз араға 12 жыл салып Азия ойындарының ең жоғарғы сатысына қайта көтерілді. Еске сала кетейік, ұлттық құрама 2014 жылғы Азия ойындарында 6 алтын медаль жеңіп алса, содан кейінгі 2018 және 2022 жылғы жарыстардан чемпиондық атақсыз оралған еді.

Төрехан Сабырханның бұл тарихи жеңісі отандық бокс мектебінің қайта өрлеуін айшықтап, ел жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 498
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 740