Бейсенбі, 8 Қазан 2026
Жаңалықтар 195 0 пікір 7 Қазан, 2026 сағат 15:09

Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары кім?

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Құрылтайдың бұрынғы депутаты Татьяна Савельева Қазақстан Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары болды. Тиісті құжатқа бүгін, 2026 жылғы 7 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды».

Президенттің екінші өкімімен Әскер Бейсенов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Татьяна Савельева 1976 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген. Ақмола аграрлық университетін (2001 ж., «Экономика және менеджмент» мамандығы) және Еуразия ұлттық университетін (2007 ж., «Экономика» мамандығы) бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласы Қаржы басқармасының жетекші маманы лауазымынан бастаған (1999–05.2002). Одан кейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік бюджет департаментінің Республикалдық бюджетті әзірлеу басқармасында (05.2002–10.2002), ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджет саясаты мен жоспарлау департаментінде (10.2002–11.2008), ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау және болжау, бюджеттік жоспарлау департаментінде (06.2012–04.2016) әртүрлі қызметтерді атқарды. ҚР Қаржы вице-министрі болды (05.04.2016–28.03.2023).

Сонымен қатар «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат (15.02.2023), «AMANAT» партиясы» ҚБ партиялық тізімі бойынша VIII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (28.03.2023–01.07.2026), Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы, төрағасы (14.02.2024–01.07.2026), «Әділет» партиясы» ҚБ партиялық тізімі бойынша ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидат (21.07.2026), «Әділет» партиясынан І шақырылымдағы ҚР Құрылтайының депутаты (27.08.2026 бастап), Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (28.08.2026 бастап) болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 875
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1173