Сейсенбі, 20 Қазан 2026
Жаңалықтар 279 0 пікір 19 Қазан, 2026 сағат 15:37

ҚР ҰҚК Қытайдың 13 азаматын ұстады...

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Қытайдың 13 азаматы Қазақстанда халықаралық алаяқтық схемасын ұйымдастырған – ҰҚК...

Қытайдың 13 азаматы Қазақстанда халықаралық алаяқтық схемасын ұйымдастырған, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі.

«ҰҚК заңсыз миграцияға қарсы күрес аясында елде болу заңнамасын бұзған Қытайдың 13 азаматын анықтап, ұстады. Тексеру барысында бұл шетелдіктердің Қазақстан аумағында жасырын халықаралық интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Олардан үлкен көлемде компьютерлік техника, мобильді телефондар, Starlink спутниктік интернет байланысы жиынтықтары және криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылды», - делінген дүйсенбіде таратқан хабарламада.

Топтың әрекеті басқа елдердің азаматтарына – ҚР резиденті емес тұлғаларға қарсы бағытталғаны және шетелден үйлестіріліп отырғаны атап өтіледі.

«Осыған байланысты, оларды одан әрі тексеру ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілді. Ұсталғандардың кейбірі өз отанында осыған ұқсас қылмыстары үшін іздеуде жүргені анықталды. Ағымдағы жылдың 16 қазанында шетел азаматтары әкімшілік тәртіппен елден шығарылып, одан әрі тексеру жүргізу үшін ҚХР уәкілетті органдарына тапсырылды», - делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1093
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1493