Кеден бекетіндегі ашық сабақ
Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап Екібастұз қаласының Кеден бекетінде мемлекеттік тілді оқыту курсы жүргізілуде. Жуырда курс тыңдаушыларының алған білімдерін тиянақтау, пысықтау, бекіту мақсатында ашық сабақ өткізілді.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлназ Жамалиқызы Мұқаева ойын түрінде ұйымдастырған ашық сабаққа “Бекет” және “Болашақ” аталатын екі топқа бөлінген 11 қызметкер қатысып, өзара жарысқа түсті. 4 кезеңге шақталған сабақ барысында “Бекет” тобы шапшаңдығымен, тапқырлығымен ерекшеленді.
Шара соңында қазылар алқасының төрағасы, Екібастұз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Анаргүл Дүйсекеева ашық сабаққа оң баға берді. Қазылар алқасының мүшесі, “Атамұра” мәдениет орталығының мемлекеттік тіл жөніндегі әдіскері Торғын Апакова “Атамұра” МО-мен тығыз байланыс жасап, қазақ тілі курсын ұйымдастыруда іскерлік танытқан Кеден бекетінің бастығы Борамбай Қайыртасұлы Сырымовқа ризашылық сезімін білдірді.
Б. Қ. Сырымов мемлекеттік тілді оқыту курсы сапалы жүргізілуі нәтижесінде кеденшілердің 6 ай мерзім ішінде мемлекеттік тілде ауызекі сөйлеуге, тіпті құжаттарды еш қиындықсыз дұрыс рәсімдеуге үйренгенін, сондықтан Кеден бекеті алдағы уақытта да курсты жалғастыратын айтты.
Гүлназ Абылғазина
«Ертіс дидары» газеті, 13 қазан 2009 жыл