Сейсенбі, 10 Қараша 2026
Жаңалықтар 187 0 пікір 10 Қараша, 2026 сағат 19:35

Қарағанды облысында Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған мерекелік безендіру жұмыстары жүргізілуде

Суреттер: Қарағанды облысы әкімдігінен алынды.

Қарағанды облысының қалалары мен аудандары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындалуда.

Дайындық аясында мерейтойға арналған тақырыптық көрнекі материалдар орналастырылуда.

LED-экрандар мен медиабордтарда мерекелік бейнелер көрсетіліп, аялдамалар безендірілуде. Материалдар Тәуелсіздікке, халық бірлігіне және Қазақстанның тәуелсіз даму жылдарындағы жетістіктеріне арналған.

Мерекелік безендіру Тәуелсіздіктің мемлекеттілігіміздің негізі әрі барша қазақстандықтардың ортақ құндылығы екенін айшықтайды. Өңірде көрнекі материалдарды орналастыру жұмыстары жалғасуда.

16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биыл еліміздің тәуелсіздігін жариялағанына 35 жыл толады.

Abai.kz

0 пікір