Сейсенбі, 17 Қараша 2026
93 0 пікір 17 Қараша, 2026 сағат 17:35

Жетісу облысында өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 73%

Сурет: gov.kz сайтынан алынды

Жетісу облысында отандық өндірісті дамыту бағытында шаралар тұрақты жүргізіліп келеді. Соның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несиелер мен субсидия беру түріндегі қаржылай қолдау жәнеинфрақұрылымдық қолдау шаралары бар. Соның нәтижесінде биылдың 10 айында облыстың өнеркәсіптік өндіріс көлемі 414,7 млрд теңгені құрап, өңдеу өнеркәсібінде 304,2 млрд теңгеге өнім өндірілді.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 73%. Осы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 17өңдеуші кәсіпорынға қаржылық қолдау көрсетілген.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 7жобаға 4 млрд теңге несие берілсе, «Даму» қоры арқылы «Іскер аймақ»бағдарламасы аясында шағын бизнесте9 жобаға берілген несиенің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды. Сондай-ақ инфрақұрылымдық қолдау аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен Көксу ауданындағы май зауытына кәріз желісі тартылды. Сонымен қатар өнеркәсіп саласында осы жылдың соңына дейін жалпы құны 47,9 млрд теңгені құрайтын, 77 жұмыс орнын ашылатын 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Отандық өндірушілерді қолдау жұмыстары бұдан былай да жалғасады, - деді басқарма басшысы Серік Сәбетайұлы.

Сонымен қатар биылғы жылы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 69 млрд теңге, оның ішінде субсидиялауға 27,1 млрд теңге қарастырылған. Атап айтқанда «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 175 өтінім мақұлданып, қаржыландырылды, сондай-ақ 46 кооператив құрылды. Оған қоса агроөнеркәсіптік кешендегі құс фабрикасын, құрама жем цехын және инкубациялық кешен салуинвестициялық жобаларына несие беруге қаржы бөлінді. Тағы бір атап өтерлігі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 355 бірлік техника сатып алынды.

Жалпы, Жетісу облысында 637өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, соның 14-і ірі, 13-і орта кәсіпорын. Өнеркәсіп саласында 22 мың адам жұмыс істейді.

Abai.kz

0 пікір