Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2671 0 пікір 13 Қараша, 2009 сағат 09:01

Өскеменде өртке қарсы техника өте алмайтын аулалардың тізімі жасалды

Өскемен. 13 қараша. ҚазТАГ – Өскеменнің барлық аудандарындағы отызға тарта ауласы ТЖ қызметінің штаттан тыс жағдайлар туындағанда арнайы техника өте алмайтын «қара тізіміне» енді. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Өскемен қаласы бойынша рейд барысында өртке қарсы күрес қызметінің қызметкерлері металл қоршаулармен, бетон блоктармен бөгет жасалған, жобада қарастырылмаған автотұрақтармен жабылған отызға жуық ауланы анықтады. Кейбір аулаларда осындай бөгеттер бірден бес-алты үйге жолды жауып тұр.

«Біз «қара тізімдегі» аулалардың тұрғындарын жинап, ықтимал салдарын түсіндірдік. Жыл басынан бері ғана қалада 200 өрт болған, оларда 17 адам қаза тапты. Аулалар өрт қауіпсіздігінің ережелеріне сәйкес келсе, қайғылы жағдайлардың біразын болдырмауға болатын еді. Бір өрт көлігі сөндіре алатын ошақ қалалық көлемдегі ТЖ-ға айналып, адамдардың қазасына алып келіп, шығын келтіреді», - дейді департаменттегілер.

Қазіргі уақытта «қара тізімдегі» аулаларды бақылайтын пәтер иелері кооперативтерінің барлығына бұзушылықтарды жою туралы ескерту хат берілді. Олар орындалмаған жағдайда, ПИК-ке айыппұл салынады, дейді департамент өкілдері.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439