Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2407 0 пікір 13 Қараша, 2009 сағат 09:05

Қазақстанда БелАЗ құрастыру өндірісінің жобасы қараша айының соңына дейін әзірленеді

Минск. 13 қараша. ҚазТАГ - Қазақстанда БелАЗдарды құрастыру өндірісінің жобасы қараша айының соңына дейін жасалады, деп хабарлайды экскаватор.ру сайты.

«БелАЗ» РУПП бас директорының бірінші орынбасары Федор Домотенконың ақпараты бойынша, қарашаның соңына дейін БелАЗдарды құрастыру өндірісінің жобасын әзірлеу аяқталады.

Жоба үш кезеңнен тұрады: құрамдастарды жасау және оны жөндеуді ұйымдастыру, БелАЗ карьерлік самосвалдарын құрастыру өндірісін жолға қою, жеткізілетін қосалқы бөлшектердің санын қысқарту арқылы өндіріс құру.

Бірінші кезекте карьерлік самосвалдарға арналған құрамдауыштар өндірісін және жөндеуді ұйымдастыруды жолға қою жоспарланған. Ф.Домотенконың атап көрсетуінше, жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру барысында, Қазақстан нарығына жеткізілетін техниканың құнын төмендетуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Мәселен, платформаларды жасау сияқты жұмыстар іске асырылады.

БелАЗ карьерлі самосвалдарының өндірісі Қарағандыда ашылмақ. Алдын-ала есептеулерге сәйкес, онда жылына 100 бірлік техникаға дейін құрастырылатын болады.

БелАз құрастыру өндірісін жолға қою мәселесі Беларуссия премьер-министрі Сергей Сидорскийдің қараша айында Қазақстанға жұмыс сапары барысында қарастырылды, делінген баспасөз мәлімдемесінде.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434