Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2813 0 пікір 17 Қараша, 2009 сағат 08:49

Мәжіліс қазақстандық мазмұн мәселелері бойынша заң жобасын қабылдады

Астана. 17 қараша. ҚазТАГ - Әсел Мұқанова. ҚР парламентінің мәжілісі сейсенбі күні кеңейтілген отырысында «ҚР-дың кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық мазмұн мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжат сенатқа жолданады.

Заң жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі мемлекеттік органдардың қазақстандық мазмұн мәселелері бойынша өкілеттіктерін белгілеу, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, байланысы бар заңды тұлғаларының тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы ерекшеліктерді реттеу болып табылады.

Заң жобасында қазақстандық мазмұнға мониторинг және бақылау жүргізуге қатысты мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін бөлу қарастырылған. Осылайша, жер қойнауын пайдалану сияқты сатып алулардағы қазақстандық мазмұнға мониторинг пен бақылауды жүргізуге энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жауапты болса, мемлекеттік сатып алуларға бақылауды қаржы министрлігі, үкіметтік емес жүйе құраушы кәсіпорындардағы сатып алуларды әкімдіктер бақылайды, ұлттық компаниядағы сатып алуларға бақылауды «Самұрық-Қазына» жүзеге асырады. Қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша әдістемені салыстыру, сараптау және ұсыныстар әзірлеу жұмысымен индустрия және сауда министрлігі айналысады.

Жер қойнауын пайдаланушылар үшін заң жобасында санкция бар, оған сәйкес, операцияларды жүзеге асыру кезінде жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелерін бұзғандықтан болған шығындар өкілетті органдарда жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша міндеттерді орындауы ретінде есепке алынбайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394