Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2711 0 пікір 17 Қараша, 2009 сағат 08:51

Мәжіліс әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы заң жобасын мақұлдады

Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Парламент мәжілісі сейсенбі күні кеңейтілген отырысында «Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы» заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасын таныстырған депутат Елена Тарасенконың айтуынша, бұл құжатты 3-ші шақырылымдағы әріптестер тобы әзірлеген. Оның сөзіне қарағанда, оны қабылдау қажеттілігі БҰҰ-ның Қазақстан үкіметіне берген кеңестерінен туындап отыр.

«Заң жобасы шеңберлі болып табылады. Ол ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және мемлекеттік, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы гендерлік теңдікті құруға қатысты негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді», -  деп атап көрсетті Е. Тарасенко.

Заң жобасын әзірлеуге парламенттің сарапшылары мен заңгерлері, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Депутат қазіргі уақытта мұндай заңның бұрынғы Кеңес одағының 15 мемлекетінің 9-ында, соның ішінде, Әзербайжанда, Тәжікстанда, Қырғызстанда, Түркменстанда, Литвада, Латвияда, Эстонияда, Молдовада қабылданғанын атап көрсетті. Оның айтуынша, көрші Ресейде бұл құжатты мемлекеттік дума қарап жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397