Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3046 0 пікір 17 Қараша, 2009 сағат 08:52

ҰҚКД қызметкерлері ұстаған қаржы полицейі Жантелеев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды

Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Алматы қаржы полициясы бастығының қамауға алынған орынбасары есірткі сатып, тұтынды деп күдіктеліп отырған Айдын Жантелеевке қатысты бас прокуратураның тергеуі бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу туралы қолхатқа ауыстырды. Бұл туралы журналистермен кездесуде бұл іс бойынша куәгер Мұхит Тағаевтың адвокаты Теңгебек Байымбетов хабарлады.

«Қазіргі уақытта А. Жантелеевтен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, ол босатылды», - деп атап көрсетті адвокат. Т. Байымбетовтың айтуынша, бұл шара куәгерлерді қорғау бағдарламасына алынған оның қорғауындағы азаматтың тағдырына алаңдаушылық тудырады.

«14 қарашада менің қорғауымдағы Мұхит Тағаев Алматы прокуратурасының ғимаратына Жантелеевтің ісі бойынша жауап беруге шақырылған. Жауап беру барысында кабинетке күтпеген жерден Жантелеев кіріп барып, менің қорғауымдағы адамды қорқыта бастаған», - деді Т. Байымбетов.

М. Тағаевтың адвокаты бұл оқиғаны ҚПК нормаларын, соның ішінде 214 бабын тікелей бұзу деп бағалап отыр.

«Өзімнің қорғауымдағы азаматтың және жеке өзімнің атымнан бас прокуратурадан сұрайтыным, тергеу бізді айыпталушы тарапынан осындай оқиғалардың қайталануынан қорғасын. Егер мұндай әрекеттер қайталанатын болса, мен бас прокуратурадан А. Жантелеевке қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, оны қамауға алуды талап ететін боламын», - деп атап көрсетті Т. Байымбетов.

Оның айтуынша, М. Тағаев пен А. Жантелеев мектептен бері таныс.

«Тағаев бұрынғы сыныптасына есірткі әкеліп тұрған. Сондықтан құқық қорғау органдарында оны осы іс бойынша куәгер ретінде алуға негіз болды», - деп нақтылады адвокат.

Бұрын хабарланғандай, 2009 жылдың 5 қарашасында ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жер асты автотұрақтарының бірінен экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің алматылық департаменті төрағасының бірінші орынбасары Айдын Жантелеевті ұстады.

«Тінту барысында оның шалбарының қалтасынан айрықша иісі бар жасыл түсті зат, ал пиджагының қалтасынан өсімдік тектес зат табылған», - деп атап көрсетті Алматы қаласы бойынша ҰҚКД баспасөз хатшысы Болатбек Төлетаев.

Алматы қаласы бойынша ҰҚКД бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК 259 б. 1 б. (есірткі заттарын заңсыз сатып алу және сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алайда қаржы полициясы ҰҚК қызметкерлерінің әрекеттерінің негізділігі мен заңдылығына қатысты күмәнданып отыр. Осыған байланысты экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ішкі тергеу жүргізуде. Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың айтуынша, А. Жантелеевтің қызметі барысында қандай да бір есірткі пайдаланатыны анықталмаған.

12 қарашада қылмыстық іс тергеуді жалғастыру үшін бас прокуратураға берілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401