Қарағанды облысында құтқару қызметі жоғалған екі баланы іздеуді тоқтатты, полиция тексеруді жалғастыруда
Қарағанды. 17 қараша. ҚазТАГ – Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында жоғалған екі баланы іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы облыстық ТЖД-нен хабарлады.
«Аудан әкімі және ауыл әкімі, сондай-ақ жоғалған балалардың ата-аналарының келісімімен облыстық ТЖД жедел-құтқару отряды іздестіру аумағынан кері шақырылып алынды. Бұдан арғы іздестіру амалдарын ішкі істер деартаменті жүргізіп жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД-нен.
Еске сала кетсек, 8-ші қарашада немерелі ағайындылар - 10 жасар Ломали Фатхутдинов пен 13 жасар Руслан Магомадов үйден кетіп, қайтып оралмаған. Балалар тұрақты түрде Бұқар жырау ауданы Ростов ауылдық округының Красная Нива селосында тұрады және екеуі де Красная Нива мектебіне баратын. Балалардың жоғалу жағдайы белгісіз қалып отыр.
Іздестіру-құтқару шаралары облыстың ТЖД, аудан мен округ әкімшілігі, полиция және жергілікті халық өкілдерін тарту арқылы жүргізілді. Арнайы техника, ізшіл иттер, су сүңгуірлері де тартылды. Кенттің маңындағы 45 шақырымдық аумақ тексерілді, сүңгуірлер жақын маңдағы су қоймасын сүзіп шықты.
«Енді барлық үміт полицейлерде», - дейді жоғалған балалардың ата-аналары. Ата-аналар балаларды ұрлап, машинамен алып кетуі мүмкін деген болжам айтып отыр, себебі ізшіл иттер ауыл шетіне дейін ізбен келген.
Балаларды іздестіру бойынша тексеру жалғасуда.