Алматыда ШЫҰ елдері сарапшыларының «Бейбіт миссия» жаттығуына дайындық бойынша штабтық келіссөздері басталды
Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерінің әскери сарапшыларының Қазақстан территориясында 2010 жылы қыркүйекте өтетін «Бейбіт миссия» лаңкестікке қарсы жаттығуына дайындық бойынша штабтық келіссөздерінің үшінші раунды басталды. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрігінің баспасөз қызметі таратқан хабарда айтылады.
«Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Қырғызстан Республикаларыны әскери өкілдерінің келіссөздері әскери жаттығу өтетін Жамбыл облысындағы Матыбұлақ полигонына барудан басталды. Жаттығу жетекшісі, Қазақстан қарулы күштерінің құрлықтағы әскерлерінің бас қолбасшысы Сәкен Жасұзақов далалық жағдайда өз әріптестерімен алдағы бірлескен жаттығудың барлық мәселесін тағы бір талқылады», - делінген құжатта.
«Бейбіт миссия-2010» жаттығуына дайындық шеңберіндегі консультацияның үшінші раунды үш күнге созылады. Әскери сарапшылар полигонға барудың нәтижесін сәрсенбі күні дөңгелек үстелде талқыламақшы. Бейсенбі күні талқылау барысында қабылданған барлық шешімдер бойынша хаттамаға қол қойылады.
Сарапшылар жаттығудың тармақтары мен тетіктерін талқылып жатыр. Ол мәселе 2010 жылы Алматыда өтетін консультацияның төртінші раундында талқыланады.

Алматыда сәуір мен маусымда өткен консултацияның алғашқы екі раундында тараптар жаттығудың қазақстандықтар жасаған тақырыбы, түпкі ойы мен алдағы жаттығулардың жоспарланған құжаттарымен танысып, оның өту мерзімін, қатысатын әскер құрамын, санын анықтады.