Астананың екі ауданында құбырда болған апат ондаған тұрғын үйді сусыз қалдырды
Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Астананың Есіл ауданында Шұбарлы шағын ауданының Оңтүстік көшесінде тартылған диаметрі 150 мм-лік құбырдың тозығы жеткеніне байланысты болған апат Перспективная, Тайбекова көшелерінің, Қабанбай батыр көшесіндегі №№ 12-26 үйлерді сусыз қалдырды, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.
ТЖМ-нің ақпаратына сәйкес, апат сейсенбі күні таңғы сағат 11-де болған. Сол күні 19 сағат 20 минутта тұтынушыларға су беру толығымен қалпына келтірілді.
Ал елорданың Алматы ауданында Абай даңғылы мен Сембинов көшесінің қиылысында диаметрі 200 мм-лік құбырда апат болып, Кенесары көшесіндегі №№ 208, 210, 212, 230, 237, 239, 237а үйлер және Сембинов көшесіндегі №№ 26-39 үйлер сумен қамту жүйесінен ажыратылған.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын «Астана Су Арнасы» МКК-нің 5 адамнан құралған апат бригадасы жүргізуде, олар 5 техниканы пайдалануда.