Сәрсенбі, 7 Қазан 2026
Жаңалықтар 18750 0 пікір 21 Қараша, 2009 сағат 08:32

Синоптиктер Қазақстанда ауа райы бұзылады деп болжап отыр

Алматы. 21 қараша. ҚазТАГ – Атмосфералық фронттардың Қазақстанның барлық дерлік территориясынан өтуі ауа райының бұзылуына әкеледі. Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды сенбі күні ТЖМ.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерінде тұман. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрып, тұман түсіп, көктайғақтанады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-22м/с жел тұрады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жел, ұйтқығанда 23-28м/с-қа жетеді. Алматы облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20м/с, Жалаңашкөл ауданында 20-25, ұйтқығанда 28 м/с болады.

Жақын күндері Қазақстанның солтүстік, солтүстік –шығыс облыстарындағы өзен-көлдердегі мұз қатуы жалғасады. Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысының тау бөктеріндегі өзендердің су деңгейі жауған жауын әсерінен көтерілуі мүмкін.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 862
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1160