Сянганда (ҚХР) Мәсімов пен Гонконг қор биржасының басшысы банк және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады (тақырыбы түзетілген)
Астана. 23 қараша. ҚазТАГ - Премьер-министр Кәрім Мәсімов дүйсенбі күні Қытайдың Санган Арнайы әкімшілік ауданына (АӘА) сапары барысында Гонконг қор биржасында (ГҚБ) болды, деп хабарлайды министрлер кабинеті жетекшісінің баспасөз қызметі.
Баспасөз мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, қазақстандық премьер және ГҚБ басшысы Рональд Аркулли Қазақстан мен Сянган АӘА арасында қаржы және банк саласындағы іскерлік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бұдан басқа, тараптар қазақстандық компанияларды Гонконг қор биржасының листингіне тарту бағытындағы өзара ықпалдастық жайын қарады.
Кездесуден кейін К. Мәсімов ГҚБ жұмысымен танысты, деп нақтылайды баспасөз қызметі.