Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4823 0 пікір 25 Қараша, 2009 сағат 08:21

Алматы облысының Абай ауылында жаңа мектеп ашылды

Талдықорған. 25 қараша. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Сарқан ауданының  Абай ауылында жаңа мектеп ашылды. Білім ордасының құрылысына облыс бюджетінен 305 млн теңге қаржы бағытталды. Екі қабатты мектеп 180 орынға арналған, мұнда оқу және әдістемелік кабинеттер, спорт және акт залдары, кітапхана, асхана, заманауи техникалық және оқу жабдықтары бар, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мектептің ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың атап көрсетуінше, «мектептің облыстың ең шалғай ауылдарының бірінде орналасқанына қарамастан, бұл жерде оқу процесі үшін облыстық маңыздағы қалалардан кем түспейтін жағдайлар жасалған».

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, биыл облыста бірнеше білім нысаны пайдалануға берілген. Мысалы, күзде Ұйғыр ауданының Сұңқар ауылында 300 орындық мектеп ашылса, Панфилов ауданының Ават ауылында 180 орындық мектеп іске қосылды.

Келесі жылы Кербұлақ ауданының Аралтөбе және Ақтөбе ауылдарында екі мектеп ашылады. Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылында да жаңа мектеп іске қосылады. Бұған қоса, 2010 жылы Талдықорған қаласында еліміздің тұңғыш президентінің интеллектуалдық мектебі ашылады, ол 900 орынға есептелген және 300 орындық жатын корпусы қоса салынады. Бұл ғимараттың құрылысына республикалық бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлінді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321